16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай осы айдың 22-23-і күндері Бейнеу аудандық білім бөлімі мен аудандық мәдениет , дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 26-39 жас аралығында шахматтан жарыс өтті. Мектебімізден қатысқан математика пәні мұғалімі Назаров Саламат “Ақбозат” шахмат жарысынан 1 орын, педагог ұйымдастырушы Байтугелов Тимур “дойбы” жарысынан 2 орынды жеңіп алып, жүлделі оралды. Аталған жарысқа жетекшілік еткен мектебіміздің спорт жетекшісі Мұрынбаев Қараманға алғыс білдіреміз
