Маңғыстау облысы білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің “Бейнеу лицейі” КММ директоры лауазымына ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 38-бабының 2-тармағы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы N57 бұйрығының 82-тармағы және ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы “Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы, N559 бұйрығының 2 тарау 14 тармағына” сәйкес, Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Шохан Джазыкбаевич Джаулыевтың 16.09.2025 жылғы N62 бұйрығымен Аманов Қайрат Акадилович тағайындалды.
Аманов Кайрат Акадилович 1970 жылы 22 қазанда Түркменстан Республикасында қарапайым жанұяда дүниеге келді.
2008 – 2011 жылдары Алматы қаласындағы Қайнар Университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірді.
2006 – 2010 жылдары Бейнеу ауданы әкімдігінің «Үстірт орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде ән – саз пәні мұғалімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2010 – 2016 жылдары Бейнеу ауданы әкімдігінің «Күйкен орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
2016 – 2018 жылдары Бейнеу ауданы әкімдігінің «Атамекен орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
2018 жылдан осы күнге дейін Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Манашы жалпы білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп директорды қызметін атқарды.

